Caravan Logo

Анкарадағы қанды теракт: 50 шетелдік тұтқындалды

Анкарадағы қанды теракт: 50 шетелдік тұтқындалды

Олардың Сирия және Ирак елдеріне өтіп, «ИМ-ге» қосылу ниеттері болған, деп хабарлайды planet-today.ru.

Кең ауқымды рейдтік шара 10 қазан күні Анкарада орын алған қанды терактқа байланысты ұйымдастырылған. Бұл Түркия тарихындағы ең ірі лаңкестік оқиғалардың бірі болды, оның салдарынан 102 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланды.

Стамбулдың Пендик ауданында 17 үйге тексеру жүргізіліп, барлық қолға түскен азаматтар полиция бөліміне әкелінді. Бұлардың нақты қай елдердің азаматтары екені туралы ақпарат жоқ.