Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Мақпал Жүнісованы қазақ өнерінің бірегей тұлғаларының бірі екенін айтып, оның адами болмысы мен қайсар мінезіне ерекше бағалайтынын айтқан.
"Қазақтай қасиетті елдің бағына біткен өнерпаздар аса көп емес. Солардың бірі де бірегейі- Мақпал Жүнісова апам деп білемін. Аңқылдаған, жарқылдаған жаны жайсаң жан. Елден еркелігін де, мінезін де жасырған емес. Қалай бар, солай жүреді. Еркіндік бар. Шындықты бетке айтатын қаймықпас қайсар мінезіне тәнтімін. Өмірде қанша қиындық көрсе де еңсеріп, теңселіп көрмеген, тірліктің тезіне шыдаған текті адам ғой", - деп жазды ол.
Сондай-ақ ол әншінің өнердегі жолының да өзгеше болғанын атап өтті.
"Өнердегі жолы өзгеше болған соң да бұл кісіні аяқтан шалушылар көп болды. Бекзат болмысымен, өр рухымен бәрін де мойындатқан тұлға. Қамыққанда, жабыққанда әнмен жұбанатын жан мұңымыз, тағдырымыз ұқсас…
Өзіңізді, өнеріңізді шексіз құрметтеймін әпке! Алаштың аялы алақанында аман жүріңіз!", - деп жазды Наркенже Серікбаева.