“Әннің бір-екі жерін дұрыс айтпаппын” - Қанай Біржан Хасанғалиевтан кешірім сұрады

Соңғы уақытта даулы мәселеге айналған Нұрболат Қанай орындаған "Бозторғай" әні шешімін тапты.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Қанай өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялады:

"Құрметті достар! Соңғы уақытта дауға айналған мәселе өз шешімін тапты. Бүгін Біржан ағамның алдына бардым! Бір рулас болып шықтық, ағам екен. Мен бір-екі жерінде қате айтыппын, нотада қате бар екен. Ағам екеуіміз ойлана келе екінші нұсқасын жазамыз деп шештік. Өз нұсқасын тыңдаған кезімде денем тітіркеніп кетті. Сәл күтіңіздер. Бұйырса жақында жарыққа шығады. Бәріңізді жақсы көремін", -деп сөзін аяқтады.