Anonymous хакерлері Ресейге қарсы "киберсоғыс" жариялады

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Anonymous ұжымы ресми түрде Ресей үкіметіне қарсы кибер соғыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, олар Ресейдің RT News үгіт-насихат станциясының сайтын жауып тастады", - делінген олардың хабарламасында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта RT телеарнасының сайты қолжетімсіз.

РИА Новости мәліметінше, RT бейсенбі күні кешке сайттарына DDoS шабуылдары жасалғанын айтқан. Себебі, бұл сайттың шамамен 27 пайызы АҚШ-та орналасқан.

Бейсенбі күні кешке Кремль, Ресей үкіметі, Мемлекеттік Дума және Федерация Кеңесінің сайттары да дұрыс жұмыс істемеді. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль сайты DDoS шабуылына ұшырамайды деп мәлімдеді.