«Бұл жолы расында да жүрегім дір етті. Ол мені ер азамат ретінде баурап алды. Ол қарапайым да мейірімді әрі қамқор жігіт болып шықты. Мен әркез ер адамнан осыны күттім. Яғни маған тастай қамқор әрі берік болатын адамды күттім. Ол маған «барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Сенің өмір сүру үшін ақша тапқаныңды, көп жұмыс істегеніңді қаламаймын. Тек қалағаныңша шығармашылықпен айналыс», – деді. Ал Вальтер әлі ер дам ретінде жетілген жоқ. Менің жанымда ол кішкентай бала сияқты еді. Одан үнемі: «Тамағыңды іштің бе? Жағдайың жақсы ма?» деп сұрап отыру керек”, – деп ағынан жарылды Әдемі.
Бұдан бөлек, Әдемі итальяндық жігітінің қызуқанды әрі өте қызғаншақ екенін айтып өтті.
Бұл жолы қазақстандық әнші расымен де ғашық болып қалған ұқсайды. Ол күйеужігітінің аты-жөнін атап, оның қызметі туралы айтып берді. Тіпті, суретін көрсетті. Алайда соңғы сәтте ол туралы ақпаратты таратпауды өтінді.
Десе де Әдемінің таңдаған жігітің кәсіпкерлікпен айналысатыны белгілі болды. 40 жастағы азамат бұған дейін некеде болған.