Әнші Ерке Есмахан Димаштың атын шетелде бәрі білетінін айтады


Шетелде демалып жүрген әнші Ерке Есмахан  Қазақстанды өзгелер Геннадий Головкин мен Димаш Құдайберген арқылы танитынын айтты. Ол екі отандасымен шетелдіктерге мақтанып жүргенін әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.  

“Мен сыртқа шыққанда, басқа ұлт өкілдері “мода” көргендей қарап отырады! “Қай елдің қызысың”, – дегенде: “Қазақстан” деймін! Сосын “қай жерде, қайда” деген сұрақтар басталады! Сол кезде “Гена мен Димашиді” айтсам, “а, иә, иә білеміз” деген кезде, ойбой өзінше боп қаласын ғой, шіркін!” – деп жазды Ерке.