Әнші Кенталдың видеосы полицияның беделін түсірді - Алматы полициясы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бұл бейнеролик көпшіліктің наразылығын және жағымсыз реакция тудырды. Көптеген азаматтар оны қатардағы полиция қызметкері деп ойлаған, сондықтан оның сөздерін сынға алды. Меніңше, Т.Кенжеболатовтың әрекеті қазақстандық полицияның беделіне айтарлықтай нұқсан келтірді, ал тәртіп сақшылары дәрігерлермен қатар – алдыңғы шепте адал қызмет етіп жатыр. Өкінішке қарай, бұл індет біздің қатарымызды да аямады. Бұл бейненің қашан және қандай жағдайда түсірілгені маңызды емес. Ең бастысы, оны автор қазір коронавируспен бетпе-бет келген мыңдаған отандастарымыздың қайғысы мен уайымын мазақ етіп жариялады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, өнер өкілдері мен шығармашылық зиялы қауымға жүгінгім келеді. Сіздер әйгілі танымал тұлғасыздар, халық сіздерді құрметтейді, сіздерге сенеді. Сіздердің әрбір сөздеріңіз тура мағынасында қабылданады. Қазір лайк пен хайпты санаудың уақыты емес. Індетпен күресуге бірігейік. Барлығымызды карантин режимін сақтауға, маска киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырайық. Бұл жерде сіздің көмегіңіз өте маңызды», – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Осыған дейін Алматы полициясы белгілі әнші түсірген вайнға қатысты мәлімдеме жасағандығын жаздық.