Алматы қаласының Орталық неке сарайында Мәдина режиссер Олжан Смағұлмен некеге отырды.
Жастар тойдан соң творчестволық демалыс алып, бал айын өткізбек.
Отау құрған екі жас бір-бірін осыдан төрт жыл бұрын бірге істеп жүрген телеарналарында көріп танысқан екен.
Бірнеше жылдан соң Олжас оған сөз айтуға бел буған. Ол Мәдинаның туған күніне үлкен торт пісіртіп, торттың ішіне алмас тасты сақина салдырыпты.
Қалыңдығының аузынан "Ия" деген сөзді ести салысымен-ақ туыстары тойдың қамына кіріскен.
Мәдина Садуақасоваға қазақтың барлық салт-дәстүріне сай құда түсті: қыз ұзату, сырға салу, қалың мал беру т.б.
Жұптың айтуынша, некеге отырған күн тектен-текке таңдалған жоқ. Әншінің туған күнінде қолқа салынса, тойды күйеу жігіттің туған күнінде атап өтеміз деп шешкен.
Әншіні айтуына қарағанда, оның неке көйлегін дизайнер дос қызы тігіп беріпті. Тігінші қыз бұдын бұрын да Мәдинаны киіндіріп жүрген екен, сондықтан өзінің танысына тапсырып бергенді жөн көріпті.
« 2004 жылы Астанадан Алматыға көшіп келгеннен бері ешбір жаққа демалуға барған емеспін. бір-екі күнге барған жерім болды, оның өзінде жұмыс бабымен. Осы жылдар бойы жұмыс істеуден қолым босамай жүрген. Ал енді өзіме, жаңа құрылған жанұяма, жарыма көңіл бөлетін уақыт жетті деп ойлаймын. Бірақ мен қоштасып тұрған жоқпын, тек сау болыңыздар деп айтқым келеді», - деді Мәдина.
Суреттер Gazeta.kz жеке мұрағатынан алынды.