Caravan Logo

Әнші Мақпал Исабековаға сүйіктісі ұсыныс жасады

Әнші Мақпал Исабековаға сүйіктісі ұсыныс жасады

Қалыңдық атанған әнші бұл жаңалықты Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Сүйемін! Сүйіктімін! Бақыттымын! Бүгін ең сүйікті ер адамның қалыңдығы атандым", - деп жазды әнші Мақпал Исабекова.

Ұсыныс жасаған ер-азаматтың әзірге кім екені белгісіз.

Әлеуметтік желіде желі оқырмандары әншіге бақыт тілеп, құттықтап жатыр.

"Жаным сол, бақытты бол. Құттықтаймын", "Сіз үшін қуаныштымын", "Құттықтаймын Мақпал! Бақытты бол", "Мәссаған, бұл күнге де жеттік пе? Шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды желі оқырмандары.