Әнші Қайрат Нұртас тағы сотқа келмеді


Ақан Нұрпейісов Қайрат Нұртастың концерті жайлы керекті жердің барлығына ескерттім дейді. Дәлел ретінде сотқа кеш туралы жолдаған хатын да ала келіпті. Ал жәбір көрдім, шығындандым дегендердің актілері дұрыс болмай шықты. Іске соңғы нүктені енді сот келесі аптаға дейін қоймақ. Бұған дейін де осы тәртіпсіздікке қатысты деген 16 азаматқа үкім кесілген. Келеңсіз оқиға былтыр 31 тамызда болып, 90-ға жуық адам жараланған-ды. Сүйікті әншілері Қайрат Нұртастан көңілі қалған топ жаппай жаға жыртысып, көлік пен дүкендердің күл-талқанын шығарған болатын.