Әнші Ринат Малцагов үйленеді (ФОТО)


Сері жігіттің жүрегін жаулаған арудың есімі - Сабина.

Кеше Астана қаласында салт-дәстүр бойынша Сабинаның ұзату тойы өтіп, Ринат ақ құсын қолына қондырды. Енді 22 шілде күні Павлодар қаласында екі жастың ұлан асыр тойы болады.