Әнші Сара Брайтман ХҒС бортында ән шырқамақ


Қазір С.Брайтман мен оның дублері Сатоши Такаматсу Жұлдызды қалашықтағы Ғарышкерлерді даярлау орталығында тәлім алып жатыр, деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, «британдық әнші Жердегі оркестрдің сүйемелдеуімен ғарыш станциясында ән салмақ».
Әншіні ХҒС-да ғарыштық туристерге арналған стандартты бағдарлама күтіп тұр. Жарты жыл бойы С.Брайтман мен Сатоши Такаматсу дайындықтан өтіп, климаты мен географиясы әртүрлі аймақтарға қонуға дайындалады. Сонымен қатар, медициналық және биологиялық дайындық жасап, орыс тілін үйренеді.
Экипаж құрамына ресейлік ғарышкер Сергей Волков, ЕҒА астронавты Андреас Могенсен мен арыштық турист Сара Брайтман енген «Союз ТМА-18М» кемесі 2015 жылдың қыркүйегінде ұшырылады.