Әнші Саят Медеуов жол апатына ұшырап, жансақтау бөлімінде жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы композитор, әнші Ербол Спаналиев әлеуметтік желіде жазған.

"Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!", - деп жазды Ербол Спаналиев.
 

Одан бөлек, композитор Рүстем Арсланов та өзінің желідегі парақшасына әншінің аман-есен сауығып кетуін тілеп жазба қалдырды.

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы ақпарат жоқ.


Айта кетейік, Саят Медеуов Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастыратын концертке қатысуы керек болған. Мерекелік кеш 4 наурызда сағат 19:00-де оркестрдің концерт залында өтеді деп жоспарланған.