Әнші Серікбол Сайлаубекке ертең төртінші рет ота жасалады

Бұл туралы белгілі журналист Анна Данченко хабарлады деп жазады Caravan.kz.

"Ораза АЙТ қабыл болсын! Ертең, бұйырса, Серікбол мырзаның көзіне төртінші ота жасалады екен. Дұғада болайық! Бәрі аман-есен өтсін дейміз" , - деп жазды журналист Instagram парақшасында. 

Еске салсақ, әнші Серікбол Сайлаубектің көзі нашар көретіні мәлім.