Әнші Төреғали Төреәлі қатарынан екі фильмге түсті

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше “Келін” телехикаясы актерінің отандық “Қазақша бизнес” атты туындыға түсіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Аталған фильмге  танымал әнші Төреғали Төреәлі де түскен екен. Әзірге әншінің нақты қандай рөл сомдайтыны белгісіз. Басты болмаса да, эпизодтық рөлдердің бірінен көрінбек.

Мұнымен қатар, әншінің “А+А” атты мелодрамаға түскенін Сиви Махмұди тілшімізге берген сұхбатында айтқан болатын. Әнші аталған фильмде де эпизодтық рөлдердің бірін сомдайды.

Бұл жаңалықты естіген Төреғалидің тыңдармандары қатты таң қалып жатыр. Кейбіреуі тіпті мұндай тығыз жұмыс кестесімен әбден ауырып қалуға болатынын айтқан. Бұлай пікір білдіруіне әншінің соңғы кезде денсаулығының сыр беріп жүргені себеп болса керек.


Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz/

Фильмнің режиссері – клипмейкер әрі музыкашы Жеңісхан Момышев. Ал сценарийін жазғандар – Нұрлан Қоянбаев, Әлішер Өтешов және Арыстан Каунев.

2016 жылдың күз айында көрерменге жол тартатын туындыда Гүлнәз Жоланова, Әбунасыр Серіков, Жан Байжанбаев, Құралай Әнуарбекова сынды танымал актерлер бой көрсетпек.