Алдын ала мәліметке қарағанда, жарылыс салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, 15 адам жарақаттанды.
С. Алифановтың хабарлауынша, оқыс оқиға тіркелген аудан қара, қою түтінге оранған. Полиция қызметкерлерінің болжауынша, жарылғыш зат нан өнімдері сатылатын дүкенде болған.
Осыған дейін хабарланғандай, дүйсенбіге қараған түні Түркияда бірнеше жарылыс тіркелген: бірі- Стамбулда, үшеуі- Мармарис курортында. Үш бірдей жарылыстың салдарынан Мармаристе 21 адам зардап шекті.