Антальяда кәмелетке толмаған қазақ және қырғыз қыздары секс-құлдықтан босатылды


БАҚ мәліметі бойынша, сегіз елден тұрмыстық жағдайы қиын әйелдер Түркия аумағына кіргізілген. Қылмыстық топ мүшесі ретінде Украина азаматы да ұсталған. 

Құтқарылған он қадамның төртеуі украиналық, екеуі - грузиялық, біреуі молдовалық, тағы біреуі қырғызстандық және екеуі қазақстандық қыздар. Бұл он қыздың сегізі берден ел аумағынан шығарылып, отанына қайтарылды. Ал жауап алынғаннан кейін екі қызды босатқан. Полицейлердің мәліметінше, қыздардың арасында кәмелетке толмағандар бар.