Антальяда өрт салдарынан төрт қонақүй өртенді

Басылым мәліметі бойынша, өрт сенбі күні Антальядан 50 км жердегі Адрасан елдімекенінде басталған. Өртке қарсы күресуге 300 адам тартылды.

Жергілікті тұрғындар мен туристер эвакуацияланды.

Өртке аймаққа келіп шатыр тіккен туристердің алауы себеп болуы мүмкін. Оттың жайылуына қатты жел әсер еткен.