-Қазақ жерін ластама! Қазақ жерін ластама!
Осылайша, табиғат жанашырлары улы гептилмен ұшатын «Протон» зымырандарына қарсылығын білдіріп жатыр. Жалғыз адамдық наразылық шарасының жалғасып жатқанына айға жуықтаса да, олардың талабын тыңдауға «Қазғарыш» төрағасы Талғат Мұсабаев құлықсыз. Тіпті «өркениетті» кездесуді қалап «Антигептил» мүшелерін ауруға теңеген болатын. Бүгін белсенділер, прокурор мен полицияға ерекше «қырағылығы» үшін алғыс хат табыстады. Тек тәртіп сақшылары сыйлықты алмастан, плакат ұстап шыққан азаматты көлікке салып алып кетті.