«Антигептил» белсенділерін полиция ұстап әкетті


Бұл жолы табиғат жанашырлары арашаны Елбасыдан сұрамаққа келіпті. Сөйтіп Ақордаға қарай бет алды. Топты бастап жүрген «Қазғарыш» төрағасы Талғат Мұсабаевты жекпе-жекке шақырған Болат Біләлов. Жақтастарын ерткен ол президент сарайының алдындағы жәшікке шағымын тастады. «Протонның» ұшуына тыйым салуды сұраған белсенділердің әрекетін полиция алғашында сырттай бақылап тұрған. Бірақ, наразы топ мүшелері үстіндегі күртешелерін шешіп, жейделеріне жазылған ұрандарды көрсеткені сол еді, тәртіп сақшылары оларды қуып жүріп ұстап автобусқа тиеп алып кетті.