«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісінің хабарлауынша, жиырмадан астам адам резиденция алдындағы алаңқайда жарты сағатқа жуық тұрып, Ақорда қақпасындағы жәшікке мемлекет басшысының атына жазылған хатты салды. Хатта олар мемлекет басшысын Байқоңырдан ұшырылатын «Протон» зымырандарының санын қысқартуға шақырған.
Содан соң полицейлер наразы топты автобустарға салып, ішкі істер бөлімшесіне алып кетті.
Бүгін Байқоңырдан тағы бір «Протон» зымыраны ұшырылды. Ол ресейлік «Луч-5В» және қазақстандық «ҚазСат-3» жер серіктерімен бірген ұшырылған болатын.