президент Нұрсұлтан Назарбаевтан Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон» зымырандарын ұшыруға тыйым салу мүмкіндіктерін қарастыруды өтінді.
«Біз бүгін мемлекет басшысына хат жолдадық. Онда Қазақстан аумағында гептил отынын пайдалануды тоқтатуды сұрадық», - деп бейсенбі күні «Антигептил» қозғалысы өкілі Махамбет Әбжан мәлім етті.
«Хаттың астына 1698 адамның қолы қойылды. Қолдаушылардың қолын www.avaaz.org сайты арқылы жинадық. Петицияға қазақстандықтар ғана емес, осы мәселеге бей-жай қарай алмайтын Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Ұлыбритания, Венгрия және тағы да басқа елдердің азаматтары да қол қойды», - деп атап өтті ол.