Антитеррористік топтардың орналасқан орны анықталды


«Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 «Терроризмге қарсы комиссиялар бойынша үлгілік ережені бекіту туралы» Жарлығын орындау мақсатында Астана қаласы Әділет департаментімен терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға қажетті тегін құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру топтары құрылды. Оның құрамына Нотариалдық палатаның, Бағалаушылар палатасының, Адвокаттық алқа өкілдері, сонымен қатар, Астана қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері кіреді»,- делінген ведомство хабарламасында.