«Алдыңғы қатардан 26 билетті қолға ұстатпасаң, концертті өткізу үшін облыстық драма театрының ғимаратын бермеймін» деп шорт кесіпті. Жарты миллион теңгенің билетін құлқыны кең шендіге қимаған кәсіпкер ақыры өзімен бірге қаржы полицейлерін ерте келген. Сөйтіп Ақылбеков өзінің кабинетінде ұсталған болатын. Іс ақпан айынан бері бүге-шігесіне дейін тергелген. Бірақ шенеунік кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Сот барысында тіпті концерттерге тегін кіру Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегі шенділер үшін қалыпты жағдай екенін жеткізіпті.
Нығмет Есіркепов, Т. Ақылбековтыңадвокаты:
- Шақыру билеттерін облыс басшылары мен ВИП –клиенттерге тегін тарату үрдісі әкімдікте 7-8 жыл бұрын қалыптасқан. Бұған Ақылбековтың еш қатысы жоқ. Оған дейінгі басшылар да осылай жасаған. Бірақ ешкім де жазаға тартылған жоқ қой.