АӨСШК 4-саммитінің қорытынды құжаты Шанхай декларациясы қабылданды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Түркия Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоглының қатысуымен шара қорытындылары бойынша баспасөз мәслихатының барысында мәлім етті.

«4-ші саммиттің басты қорытындысы АӨСШК Шанхай декларациясы болғаны сөзсіз. Бұл құжат Форумды одан әрі дамытуға және қатысушы елдердің тиімді өзара іс-қимылына бағытталған», - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Шанхайдағы АӨСШК саммиті Кеңестің тарихындағы ғана емес, қазақстан-қытай қатынастарының көпғасырлық шежіресіндегі айтулы оқиға болып табылады, деп ерекше атап өтті.