Апатқа ұшыраған СУ-27 әскери ұшағын іздеуге 4 тікұшақ пен 10 іздестіру тобы тартылды


Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұшақтың құлаған жері анықталды. Ұшқыштарды іздестіру жалғастырылуда.

2014 жылғы 23 қыркүйек сағат 20.42 минутта оқу-дайындық ұшулары барысында Су-27 (50) ұшағымен байланыс үзілді. Авиациялық оқиға себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Барлық қажетті жағдайлар жүзеге асырылуда», делінген Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.