Президент Ильхам Әлиевқа көңіл айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
“Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді, – делінген жеделхатта.
Қазақстанда орын алған ұшақ апаты туралы түрік пилоты өз пікірімен бөлісті.
"Өте қайғылы апат. Аймақта тұрақты түрде ұшып жүрген және аймақты жақсы білетін ұшқыш ретінде, Каспий теңізі маңындағы қонуға ең қолайлы әуежайлардың бірі — Ақтау.
Әдеттегідей пікірлерде, ұшақты жерге ұрған ұшқыш деп кінәлағандар да, ұшақ моделін кінәлағандар да, 11 жылдық ұшақты ескі деп атағандар да бар…
Алғашқы мәліметтер бойынша, ұшақ әуелі ауа райы жағдайына байланысты бағытын өзгертеді, кейін круиз биіктігінде (ұшу биіктігі) «Mayday» сигналы беріледі. Білмейтіндер үшін, транспондерге 7700 кодын орнату – бұл төтенше жағдайды жариялау.
Одан кейін ұшақ «дельфин қозғалысы» (жоғары-төмен тербеліс) жасайды. Ұшақтың құлау видеоларында бұл қозғалысты анық көруге болады.
Embraer 190 типті ұшақ менің қолданған ұшағым емес, бірақ білетінімдей, бұл — fly-by-wire жүйесіндегі ұшақ. Яғни, басқару жүйесі сіздің берген командаңызды электронды түрде қанаттар мен құйрық бөлігіндегі беттерге жеткізіп, қозғалысқа әкеледі. Мысалы, Airbus 320 сериясы да осындай ұшақ. Ал Boeing 737 сериясы механикалық кабельдер арқылы қолмен басқарылады. Ал басқа дерлік ұшақтар электрондық жүйелерге тәуелді.
Мүмкін, дәл осы жүйеде ақау болған сияқты. Электрондық ақау орын алып, ұшқыштар басқаруды толықтай өз қолдарына ала алмаған сияқты. Ұшқыштардың соңғы сәтке дейін күрескені — өте өкінішті.
Адам факторының минималды рөлі бар, техникалық ақаудың кесірінен құлаған ұшақ секілді көрінеді.
Қайтыс болғандарға Алла рақым етсін. Бұл шынымен де ауыр апат…
Айта кететін тағы бір жайт, ұшақтың құйрық бөлігі әрдайым ең қауіпсіз, бірақ ең ыңғайсыз орын болып табылады. Бұл апаттың қирандыларында да осыны қайта көруге болады", - деп жазған ол.
Айта кетейік, соңғы ақпараттарға сай, аман қалғандардың саны 32-ге жетті. Олардың қатарында 14 әзербайжандық, 10 Ресей және 2 Қырғыз азаматы бар.
Апаттан зардап шеккен 2 балаға ота жасалды. Жағдайы ауыр деп бағаланған 11 адам жансақтау бөлімінде.