Заң жобасын әзірлеушілердің пайымдауынша, ол ұзақ мерзімді және тұрақты тұрғын үй қатынастарының жүйесін құруға, тұрғын үй қорының жалпы ахуалын жақсартуға, тұрғын үй қорын тиімді басқару үшін жағдай жасауға және оның жағдайын бақылау қоюға мүмкіндік береді, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.
Заң жобасы үш заңнамалық актіге - Қазақстан Республикасының Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті