Апелляциялық алқа соты Астана тұрғынын аяусыз соққыға жыққан кәсіпкерді қамауда қалдырды


«Астананың N2 Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 25 сәуірдегі айыпкер Қ.Жамалиевке қатысты екі ай марзім тұтқында ұстау түріндегі шешімі өзгеріссіз қалды», - делінген Астана сотының баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламада.
«Апелляциялық алқа қылмысқа қатысты айыптаудың және оны жасау сипатының ауырлығын ескерген.
Қ.Жамалиев, оның жүргузшісі Анатолий Прибытков және олардың сыбайласы А.Әбілтаев Астана тұрғынын айуандықпен соққыға жыққан. Бұл қылмыс туралы Ә.Жұмағұловтың әкесі әлеуметтік желілерге соққыға жығылған ұлының суретімен қоса мәлімет шығарып, азаматтардан қолдау сұрағаннан кейін жұртқа жария болды. Әкесінің айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби үйінен жарты сағатқа шығып кеткен күйі оралмаған. Түнде ұлы ауыр хәлде ауруханада жатқаны туралы хабар жеткен.
Қ.Жамалиев пен А.Прибытков тұтқындалды, ал сыбайластары А.Әбілтаевке іздеу салынды.
Тергеу барысын бас прокурор мен ішкі істер министрі жеке бақылауға алды.
Қ.Жамалиев "Jelsomino" бутик-отелінің, "Артист" караоке-барының қожайыны, "ПАРИТЕТ 2003" ЖШС құрылыс компаниясының бас диекторы болып табылады.