Апелляциялық алқа Юрий Пактың үкімін өзгеріссіз қалдырды

Бұл туралы Sn.kz жазады.

"Ашық сот отырысында ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотталған Юрий Пактың және оның қорғаушысы Сергей Кимнің апелляциялық шағымын қарай келе сот алқасы Қазыбек би аудандық сотының үкімін өзгеріссіз қалдыруды шешті. Апелляциялық шағым қайта қаралмайды", - деді судья Рашит Нұрмағанбетов бүгінгі сот отырысы барысында.

Судьяның айтуынша, айыптының кінәсі алғашқы сот отырысында толық дәлелденген. Куәгерлердің анықтамасы, хаттамалар және сараптама нәтижелері оның айыпты екенін дәлелдеген көрінеді. Ал, Юрий Пак пен оның қорғаушысы айтып отырған айғақтары шындыққа сай келмейді дейді судья.

Судья Нұрмағанбетов сондай-ақ, сотта куәлік беріп, кейін өз сөзінен айныған "Қазақтелеком" АҚ қызметкері Кузнецованың үстінен іс қозғауды да прокурорларға тапсырды.


Ал, Юрий Пактың әйелі мен қорғаушысы енді кассациялық сотқа барып арыздануды жоспарлап отыр.