АПК Алматының бірнеше ауданының жарықсыз қалу себептерін тексеру үшін арнаулы комиссия құрды

Арнаулы комиссия өз қорытындысын алдағы он күн ішінде ортаға салады, деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-қараша, бейсенбіде Алматының Бостандық ауданының оңтүстік бөлігінде қуаты 35 киловаттық электр жалғастыру желісіндегі қысқаша тұйықталу салдарынан ауданның көп бөлігі жарықсыз қалған. 20 сағат шамасында ақау жойылып, жарық жіберілді.