Әпкеме ұқсайды: Тәуекел Мүсілім сүйіктісі жайлы құпияның шетін ашты

Тәуекел өмірінде үш рет ғашық болғанын айтады. Алғашқы махаббатын мектеп кезінде жолықтырған ол махаббат хикаяларын баяндап берді.

“Бар болғаны үш рет ғашық болған шығармын. Біріншісі – мектеп қабырғасындағы бала махаббат. Одан кейінгі ғашықтық саналы түрде есейген шағымда болды. Ұмытылмас, сезімге толы сәттер болды. Ол әрдайым адамның ішінде болады. Ешқайда кетпейді. Егер уақытты артқа қайтаруға мүмкін болса, өзгертер едім. Екі жағдайда да менің кесірімнен болды. Уақыт емдейді. Сол себептен жалпы жеке өмірге келетін болсақ, қазір өзгеріс бар”, – деген Тәуекел бұл жолы өзінің арманындағы аруды кездестіргенін айтты.

“Қазір кездесіп жүрген қызым бар. Өте жақсы, көңілімнен шығатын қыз. Үйлену жағы әзірге белгісіз, өйткені ол әлі оқу үстінде. Оқуын бітіргеннен кейін көре жатармыз. Осы 1-2 жыл ішінде немесе 2 жылдан кейін үйленіп қалармын.

Жасы 18-де. Арамыз 11 жас. Дегенмен 18 жастағы қыз деп айтпайсың. Өмірге деген көзқарасы тұрақталған, салмақты, көп сөйлемейді. Жеке қалған кезде жақсы сөйлесеміз. Ал табиғаты өзіме келеді. Көбінесе ер азаматтар анасына, әпкесіне ұқсайтын қыз іздейді дейді ғой. Сол сияқты алғаш көрген кезде өзімнің әпкемді көргендей болдым. Араласа келе, мінезі де сондай екенін білдім. Сол себептен сондай мінезімен маған ұнады деп айта аламын.


Анаммен әлі таныстырған жоқпын. Кездесіп жүргенімізге көп болған жоқпыз. Бір жобамды бітірген соң, анаммен таныстыру ойда бар. Анам да күтіп жүр. Толықтай өзім қалағандай қыз, мінезі жағынан келеді. Қарапайым отбасынан шыққан”, – дейді Тәуекел.