Компанияға наразылардың қатары көбейді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі bbc басылымына сілтеме жасап.
Apple смартфондардың батарайкасын кішірейтіп, келесі жылы бағдарламалық қамсыздандыру шығаратынын хабарлаған. Ол тұтынушыларға батареяның жағдайын бақылап отыруға көмектеседі. Сонымен қатар, компания өкілдері осы арқылы смартфондардың жұмыс істеу мерзімін созуға тырысатынын айтты.
Аталған компания смартфондардың ескі модельдерінің жұмысын баяулатады деген пікір бұрыннан бар. Телефон иелері оны әдейі жасайды дегенді айтатын. Біреулер Apple жаңа модельдерін алғызу үшін ескілердің жұмысын төмендетеді деп те жазған.
Ал, компания өкілдері айфондардың аккумуляторлары уақыт өте келе өзінің белсенділігін төмендететінін түсіндірді.
«Біз өз қолданушыларымызға жаңа мүмкініктерді беруге тырысамыз. Ол үшін смартфондардың жалпы жұмыс істеуін жақсартып, тек ол үшін уақытын созамыз. Литий батарейкалары суық кезде айфондардың жұмысын жүргізуге шамасы жетпейді, уақыт өте келе олар әлсіз болады ", - деді Apple-де.