Apple компаниясы iPad планшетінің жаңартылған нұсқасын көпшілік назарына ұсынды

Жаңа планшеттердің тұсаукесері компанияның Калифорниядағы штаб-пәтерінде өтті, деп хабарлайды BBC.

Жаңа планшеттер iOS 8.1 операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Оны Apple құрылғыларын пайдаланушылар дүйсенбіден бастап тегін жүктей алады.

Алдыңғы үлгідегі планшетке қарағанда 18% жіңішкерген жаңа iPad Air 2-нің қалыңдығы 6,1 мм. Бұл бүгінде әлемдегі ең жіңішке планшет болып табылады.

Жады 16 гегабайттық iPad Air 2 499 доллар, 64 Гб – 599 доллар, 128 Гб – 699 доллар тұрады.


Планшеттергі тапсырыстар жұмадан бастап қабылданады.