Бұл туралы Tengrinews Ferra.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Мұндай тұжырымды Merrill Lynch америкалық инвестициялық банкінің сарапшысы Вамси Мохан жасап отыр. Таяуда ол бір апта уақытын Азияда өткізіп, Apple жеткізетін өнімдерді өндіретін компаниялармен кездескен. Сарапшы майысатын жаңа iPhone 2020 жылы таныстырылады және бұл смартфон планшет пен iPad гаджеттерінің орнын басады дейді.
Айта кетейік, мұның алдындағы iPhone X моделінде OLED-дисплей бар, ол смартфонның ішіне қарай майысады.
Оқи отырыңыз:
Танымал әнші Бүркіттің "Айфон" телефонын шығаратын заводы бар ма
Британ оқушысы "Айфон" смартфонына арналған аса құнды ұсынысы үшін 965 мың доллар алды