Apple компаниясының дизайнері жаңа iPhone 8-дің суретін жариялады


Техникалық мінездемесі әзірге құпия сақталып отыр. Бір белгілісі жаңа iPhone жиексіз болмақ. Смартфондағы жиек тек оның үстіңгі жағына ғана қойылады. Себебі ол сөйлесу динамикасы мен өзге де тетіктер үшін қажет дейді құрастырушылар. Жаңа iPhone мерейтойлық шығарылым болмақ. Сондықтан компания ондағы жаңа құрылғыны 10 жыл бұрын қолданылған смартфондардағыдай артқы панельге орналастырады. Сондай-ақ Home тетікшесі алынып тасталады. Оның орнын саусақ ізі таңбаланған сенсорлы аналог алмастырмақ. Жаңа iPhone 8 2017 жылдың күзінде шығарылады деп жоспарланып отыр