Apple үлкен экранды телефондар шығармақ

Олар рынокқа 2014 жылдың екінші жартысында шығарылады, деп жазады Forbes басылымы.

Сенімді ақпарат көздерінің айтуынша, жаңа айфондардың бірінде экранның диагоналі 4,5 дюймді құраса, екіншісінің экраны 5 дюймнан асуы тиіс.

Олардың екеуі де iPhone 5S телефонындағы сияқты металл корпуспен қапталады.