Апта аяғында доллар тағы қымбаттады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,16 теңгеге қымбаттап, 522,38 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 520,02 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 522,66 теңгеден сатып алынады, 524,80 теңгеден сатылады. Еуро 606,18 – 617,11 теңге, ал рубль 6,49 – 6,61 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,49 теңгеден сатып алынады, 75,30 теңгеден сатылады. 

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 519,50 теңгеден сатып алынады, 526,50 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 608,54 теңге, сату - 618,54 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,45 теңге, сату - 6,60 теңге.

– юань: сатып алу - 73,00 теңге, сату - 77,15 теңге.