"Апта араб тілі сабағынан басталды": Орамал таққан Кәмшат Жолдыбаева хиджаб киюге дайындалып жүр ме?

Ашық образдардан бас тартқан Кәмшат Жолдыбаева дінге бет бұруды шешкендей.

“Қымбатты ағайын, қайырлы таң! Менде апта араб тілі сабағынан басталып жатыр. Нұр-Мүбәрак университетіне келіп отырған жайым бар. Зуль-Хиджа айы кіріп жатыр. Бұл ай тек игі амалдарға, ғибадатқа толы болсын. Жаңа апталарыңыз жаңа жеңіске, қуанышқа толы болсын”, – дейді әнші.

Бейнежазбадан өнер иесінің араб тілін үйрететін ұстазын көрсетіп, өзара қалжыңдасып жатқанын көруге болады.