Аптап ыстық салдарынан Алматының жоғарғы аудандары су қамтамасыздығынан таршылық көруде

"Аптап ыстыққа байланысты Алматы қалалық "Су құбыры" ҚКК тұрғындарға суық суды үнемдей пайдалану қажеттігін ескертеді. Өйткені, қаланың жоғарғы аудандарындағы көп қабатты тұрғын үйлерде су тапшылығы сезіле бастады", -деолінген мекеменің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

"Су құбыры" ҚКК баспасөз қызметі жаз мезгілінде су пайдалану ережелерін тағы да бір мәрте еске салады. Оған сәйкес газондар, саяжай учаскелері мен жолдарға тек сағат 23.00 мен 05.00 аралығында ғана су шашуға рұқсат берілген. Суық суды суару мақсатында күндізгі уақытта пайдаланған жағдайда мекеме су жіберуді тоқтататынын ескертеді.