23 мамырда "Ақ Ауыл" компаниясының үлескерлері өз үйлерінің құрылысының аяқталуын талап етіп шеру ұйымдастыруды жоспарлаған. Алайда, құрылыс компаниясының басшылығы мамыр айының соңына дейін инвестор тауып, үйлерді пайдалануға беру мәселесін шешуге уәде берген. 30 мамырда үлескерлердің осы мәселе бойынша жалпы жиналысы өтуі керек болған.
Соған қарамастан "Ақ Ауыл" компаниясының бас кеңсесіне жиналған адамдарды ғимаратқа кіргізбей қойды. Компания басшылығы да үлескерлермен кездесуден бас тартты. Қарсылық ретінде адамдар жолды жауып тастады.
Қарбалас кезінде жол-көлік оқиғасы орын алды: бір әйелді машина соғып кеткен. Оқиға орынына жол полициясының өкілдері келіп жетті.
Үлескерлердің алдына "Ақ Ауыл" корпорациясының Астана қаласындағы өкілдігінің құрылыс жөніндегі орынбасары Әділ Мамажанов шығып сөз сөйледі. Ол үлескерлермен ертең сағат 11-де кездесуді ұсынды. Бұл ретте ол олармен кездесуге корпорация басшылығы мен жаңа инвестор компанияның өкілдері келіп кездеседі, деп уәде берді.
Алайда, адамдар көпке дейін тарамады. Олар сөйлесу үшін қала билігінің өкілдері келуін талап етті.
"Ақ Ауыл" корпорациясы Астанада бірнеше тұрғын үй кешенін салуды жоспарлаған. Олардың кейбіреулері осыдан үш жыл (!) бұрын пайдалануға берілуі тиіс болатын.