«Жобаның басты мақсаты - Азияда ойындарын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, ойындарға қатысатын Қазақстан құрамасын қолдауға шақыру», - деді «Қысқы Азия ойындарының атқарушы дирекциясының» вице-президенті Мағжан Қанғожин.
Оның айтуынша, Азияда еріктілері болуға 20-дан астам танымал тұлғалар ниет білдірген. Олардың қатарында Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Батырхан Шүкенов, «МузАРТ» тобы, Бүркіт, «Ринго», «Мистерионс», «Ал давай» топтары, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраймов, Әсел Сағатова сынды шоу бизнес пен спорт саласының өкілдері бар.
М.Қанғожиннің айтуынша, Азияда елшілері ойындарға дейін еліміздің барлық аумағын аралап концерттер, кездесулер ұйымдастырмақ. «Қысқы Азияда ойындарының насихаты үлкен қалаларда жүргізіліп, шағын елдімекендер, шет аймақтар назардан тыс қалуда. Елшілер осы өңірлердің жұртшылығымен жүздесіп, ақ ойындарды насихаттайтын болады», - деді М.Қанғожин.