Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Сәбит Әбдіхалықов театр басшылығынан денсаулығына байланысты кеткен.
"Ел айтып жүрген "Жүрексіз" адамның жүрегі ауыра ма?... 2016 жылы осы бір жұдырықтай қызыл еттен инфаркт алып, Алматы қаласы Кардиологиялық ауруханасының ақ халаттылары арқасында қалған жарығымды сүріп келем.
Содан бері жыл жүзінде үш-төрт рет ауруханада ем алудамын. Жүрекке төрт бірдей стенд орнықты. Алдымен бір Алланың, кейінгісі осы аурухана дәрігерлерінің арқасында шауып жүрген жайымыз бар.
Осы орайда кардио орталықтың бас директоры Алмат мырзаға, дәрігерім Назира ханымға және маған коронарография жасап келе жатқан Оразбек ініме алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қоса алда келе жатқан медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймын! Асылында, ел қаһармандары - өздеріңіз! Еңбектеріңіз жансын! Аман болайық! Ауырмайық!
Менің де, сіздің де деніңізді саулығы осы абзал кісілердің қолында!", деп жазды желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Әбдіхалықов
Кореяда емделіп келген болатын.