Caravan.kz медиа-порталы тілшісінің аталған сұрақтарына тарих ғылымдарының кандидаты Болат Асанов жауап берді
«Корнилов таза қазақ болған деген болжамды білемін, бірақ ондай ұстанымда емеспін. Өйткені, ғылыми айналымға енгізілген сол кездегі аздаған құжаттар бойынша айтар болсақ, жас поручик кезіндегі Корниловтың өмірбаянында анасының қазақ екені көрсетілген. Бірақ атап өтер басты жайт патшалық дәуір кезінде ұлт емес, діни наным сенімі мен қандай тапқа жататыны көрсетілген. Бұдан Корниловтың православ сенімінде екенін білуге болады»,- деді тарихшы.
Сондай-ақ атақты генералдың әкесі туралы да аздаған қызықты мәлімет белгілі болды.
«Әкесі казак офицері болған. Ал кейін аудармашы ретінде қызмет еткен, Толмачев деген. Ол қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасаған және негізінен қазақтардан тұратын Сібір казактары әскерінде қызмет еткен. Ең қызығы 1916 жылы Омбыда шығатын «Сибирские войсковые ведомости» газеті Корниловтың анасы да, әкесі де қырғыз, яғни қазақ деп жазған», - деді Болат Асанов.