Ақ үй келесі қаржы жылына арналған АҚШ мемлекеттік бюджет жоспарын 4 наурызда жариялайды

демек әдеттегіден бір ай кеш Конгреске жібереді. Бұл туралы американдық БАҚ мәлімдеді.

Бұған 2013 жылы 1 қазанда басталған ағымдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджеттің қабылдануының кешеуілдеуі себеп болған.

Бұған дейін осы аптада Конгрестің Бюджеттік басқармасы өзінің жыл сайынғы болжамын 4 ақпанда жариялайтынын мәлімдеді.

2013 бюджет жылының қорытындысы бойынша, дефицит 38%-ға, 680 млрд $-ға дейін, немесе ІЖӨ шаққанда 4,1%-ға азайды.