Ақ үй Кремльді өтірікші деп айыптады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Тиллерсон жоғары деңгейдегі келіссөздерге қатысу үшін Мәскеуге келген. Ал Ақ үй шенеуніктері Сүрия ісіне байланысты Мәскеуге деген қысымды арттыруды ойлап отыр. Себебі, олардың ойынша Башар Асадтың химиялық қару пайдалануына қолдаушы бірден бір Ресей болмақ. Ресей мен Сүрия күштерінің зымыран шабуылына жанталаса қарсылық білдіруі Ақ үй мен Пентагонның жоғарыда айтылғандағыдай күмәнін тудырып отыр. Сүрия жақ бірнеше рет қосалқы химиялық шабуыл жасағанын теріске шығарып отыр. Ресейдің көрсеткен ақпарында Сүрия қосыны әуеден шабуылдаған, ал қарсы топ химиялық қару пайдаланған екен. Ақ үйдің сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Ресейдің бұл ақпараты жұрттың көзін көлегейлеп, өзгелерді алжастыру деп сынға алды. | Материалды көшіріп бассаңыз http://qazaqtimes.com/article/8331 сайтының гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз. Авторлық құқықты сақтаңыз.