Ақ үй Ресейдің Украинаға үш жағынан шабуыл жасауға дайындық жасап жатқанын мәлімдеді

"Біз президент Путиннің бұйрық бергенін білмейміз, оған қатысты нақты мәліметтеріміз де жоқ... Бірақ бізге жоспарлары айқын көрініп тұр. Әскерлердің қозғалысы Украинаның айналасындағы батальондық тактикалық топтардың жанына, оңтүстік, батыс және солтүстік-шығыс шекаларға орналастырылғанын байқаймыз", — деді Ақ үй өкілі. 

Ол АҚШ Ресейдің қосымша әскери күштерінің Украинаның шекарасынан әртүрлі аудандарда қозғалатынын көретінін айтып сендірді. 

Сондай-ақ Ақ үй АҚШ "Украинаны басып алған"жағдайда Ресейге қарсы әскери күш қолдануды жоспарламағанын айтты. Сонымен бірге егер мұндай болжам орындалса, Пентагон НАТО-ның шығыс қапталындағы одақтастарға әскери көмек көрсетуге дайын.