"Ақ жол " партиясы еліміздің мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін айқындайтын заң қабылдауды ұсынады

Ә.Бәйменовтың айтуынша, мұғалім, дәрігер, ғалым және мәдениет қызметкерлері тәрізді мамандық иелері "жалпымемлекеттік функциялар атқаратынына қарамастан", олардың Қазақстандағы құқықтық мәртебесі күні бүгінге дейін нақтыланбаған. "Ақ жол" партиясы ұсынып отырған заң жобасы "азаматтық қызмет" деген жаңа ұғымды енгізеді. Құжат бойынша, мемлекеттік мекеме қызметкерлері "азаматтық қызметкерлер" деген категорияға жатқызылуы тис.

"Ақ жол" демократиялық партиясы тең төрағасының айтуынша, заң кәсібі мен біліктілік деңгейін мемлекеттік бюджет есебінен шыңдау, тәжірибесіне, кәсіптік деңгейі мен машығына қарай қызмет бабында өсу құқықтарын белгіледйді. Сондай-ақ, "мемлекеттік мекеме қызметкерлерін әлеуметтік қорғау шараларының топтамасы" қарастырылған. Олардың арасынан Ә.Бәйменов мамандарды жеңілдетілген шартпен баспанамен қамтамасыз етуді ерекше атады.
Бұған қоса құжатта еңбек міндетін атқару барысында шеккен зардаптың орнын толтыру ескерілген. Заңда басшылары тарапынан қызметкерді "партиялық-саяси мақсаттарды жүзеге асыруға мәжбүрлеуден қорғайтын" норма "тәжірибе жүзінде тұңғыш рет" қолданысқа енгізілмек,- деді "Ақ жол" демократиялық партиясының тең төрағасы.
Азаматтық қызметке тікелей кірісуге қатысты мәселелер топтамасы да заңда регламенттеледі. Заң бойынша, азаматтық қызметтің лауазымдық баспалдақтарымен байқау арқылы жоғары өрлеу міндетті болып саналатын лауазымдардың тізімін үкімет айқындайды делінген. Заң авторлары сондай-ақ, азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негіз болатын лауазымдар реестрін жасауды ұсынуда.
Заң жобасы БАҚ-тарда жарияланады. Ә.Бәйменов заң жобасын талқылау жұмысына мүдделі тараптарды түгелдей қатысуға шақырды.