"Ақ жол" партиясы сайлау алдындағы науқанның соңғы күндерінде сайлау заңын жаппай бұзу белең алғанын мәлімдейді

Партияның саяси атқару комитеті қабылдаған арнаулы мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, "Ақ жол" партиясының пікірінше, "билік бұл сайлауға күні бұрын қамданған". "Сайлау комиссиялары солардың өктемдігімен құрылса, қазір көптеген бұқаралық ақпарат құралдары солардың нұсқауы бойынша жұмыс істеуде". "Ұйымдар мен кәсіпорын басшыларын жинап алған әкімдер өздеріне қажетті нәтижені "қамтамасыз етуге" пәрмен беріп мәжбүрлеуде". "Дәрігерлер мен мұғалімдерді сайлаушылардың штрих-кодтарын жинауға мәжбүр етуде",- дейді мәлімдеме авторлары.

Партия атқару комитетінен хабарлауынша, "Қазақстан қалаларында ҚДТ партиясы "Ақ жол" партиясымен қарсылас-мыс деген жалған үнпарақтар таратылуда. Бұл - көпе-көрнеу провокация",- делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ, "Ақ жол" өкілдерінің атап көрсетуінше, "халық арасында алдағы сайлауда "Отан" партиясы жеңіліс тапқан жағдайда Қазақстанда тұрақсыздық пен бейберекетсіздік белең алады деген дақпырт пәрменді таратылуда". Мәлімдемеде келтірілген жорамалға сүйенсек, "бұл аталмыш партияның алға тарта алатын жалғыз сылтауы" болмақ. "Бұл "әкімшілік ресурстарды" иемденушілердің зердесі таяздана түкенінің бір айғағы",- деген тұжырым жасайды "Ақ жол" өкілдері.
Партия өз мәлімдемесінде жақтастарын "қарсыластарының арам пиғылды арандатушылық әрекеттерінің ырқында кетпеуге" шақырады. "Ақ жол" партиясы азаматтардан сайлау учаскелеріне келіп "адал әрі беделді үміткерлер үшін дауыс беруді" сұрайды.