"Ақ жол" партиясы шикізат секторынан түскен кірістің бір бөлігін денсаулық сақтау мен білім беру қажеттігіне жұмсауды ұсынады

"Біз шикізат секторынан түскен кірістің бір бөлігін емдеу мекемелерін медициналық жабдықтармен жабдықтауға және дәрігерлер мен оқытушылардың біліктілігін көтеруге жұмсауды ұсынамыз",- деп мәлім етті бүгін "Денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемалар және оларды шешу жолдары" тақырыбандағы "дөңгелек үстел" барысында партия жетекшісі Әлихан Бәйменов. "Қаржыландыру көлемін негізсіз салынып жатқан және шенеуніктердің "жеміне" айналған мемлекеттік инвестициялардың көлемін қысқарту есебінен жүзеге асыру қажет",- деді ол.

"Біз дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақасын мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына қатаң тәуелді болуына қол жеткізбекпіз",- деді Ә. Бәйменов. "Егер үкімет министрлер мен әкімдердің жалақылар көтерсе, онда дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақылары да автоматты түрде көтерілуге тиіс",- деп түсіндірді ол.

Партия сондай-ақ ынталандыру үшін және де мамандарды ауылдағы жұмыстарға тарту үшін "дәрігерлер мен басқа да азаматтық қызметкерлерді айлық жалақыларының аудандық көрсеткіштерін енгізуге" ұсыныс жасады. "Ауылдың денсаулық сақтау мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету үшін кеңес одағы кезіндегідей мотивация қажет. Қандай да бір ауыл көрсеткіші, жалақыға үстеме ақы болу керек",- деп атап өтті "Ақ жол" партиясының мүшесі Владимир Опенько.

Сонымен қаатр, "Ақ жол" ұлттық қор қаржысының бір бөлігін жаңадан дүниеге келген қазақстандықтың есебіне аудару идеясын қайтадан қозғады. "Әрбір қазақстандық төлқұжатымен бірге 400 мың теңге алу үшін жаңа туған әрбір қазақстандыққа Ұлттық қор есебінен арнайы есеп шот ашуды ұсынамыз",- деп айтылған партияның "дөңгелек үстел" қорытындысы бойынша жасаған ұсынысында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті